24.02.2026 ж. күні химия-биология бағытындағы 10–11 сынып оқушыларына қоғамдық денсаулық сақтау және санитарлық-эпидемиологиялық іс мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмысы жүргізілді.
Іс-шараға БҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Н.А. Сариева, Тәуекелдерді мониторингілеу, талдау және бағалау бөлімінің басшысы А.М. Маратова, сондай-ақ Персоналды басқару қызметінің бас маманы А.А. Кабуова қатысты.
Кездесу барысында оқушыларға қоғамдық денсаулық сақтау және санитарлық іс саласының маңыздылығы, негізгі қызмет бағыттары, мамандықтың ерекшеліктері мен артықшылықтары, еңбек нарығындағы сұранысы туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар аталған салаға түсу талаптары, кәсіби құзыреттіліктер мен болашақтағы мансаптық мүмкіндіктер түсіндірілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға болашақ мамандықты саналы таңдауға бағыт-бағдар беру, қоғамдық денсаулық сақтау саласына қызығушылығын арттыру және кәсіби өзін-өзі анықтауына қолдау көрсету.