Кеңейтілген кеңес – бірлескен жұмыс кепілі

2024 жылдың 9 ақпаны күні мектебімізде Қамқоршылық кеңес пен мектеп әкімшілігінің және «Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты(Педагогикалық лицей) түлектерінің Қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі кеңесі мүшелерінің бірлескен отырысы оздырылды.

"Қуаныш сыйлау да бір бақыт !"

2024 жылдың 9 ақпаны күні интернат тәрбиеленушілеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында лотерея ойнатылды. Ұтысқа барлық тәрбиеленушілер тегін негізде қатысты.

МЕРЕЙТОЙҒА ТАРТУ!!!

Мектеп-лицейіміздің 30 жылдығына тартулар жалғасуда. Мектебіміздің математика пәні мұғалімі Акшиев Шынгыс Бекжанович 290 000 теңгелік құжаттың екі бетін бір мезгілде сканерлейтін EPSON GT-S85 принтерін мектепке сыйға тартты. Шынгыс Бекжановичке лицей ұжымының атынан алғысымызды білдіреміз!

“Ал, қане,физиктер” атты сайыс сабақ оздырылды

22-26 қаңтар күндері аралығында лицейімізде оздырылып жатқан “Физика-математика - біздің айналамызда” тақырыбындағы апталығы аясында 25 қаңтар күні оқушылардың физика пәнінен алған білімдерін қолдана отырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, теориялық ойлауларын жетілдіру, жеке және топта жұмыс істеуге бейімдеу мақсатында “Ал, қане,физиктер” атты 7 «А, Ә, Б» сыныптар арасында сыныптан тыс сайыс сабақ оздырылды.

Мектебімізде мұз айдыны жасалды

Қыстың аязды күндері сергектікті сезіну де оңайға соқпайды. Ол үшін қысқы спорт түрлерімен жиі айналысу қажет. Қысқы спорт түрлері дегенде бірден бір көз алдымызға елестейтін спорт түрі ол әрине - коньки тебу. Коньки тебудің денсаулыққа тигізетін пайдасы мол екені де анық.

“Мектеп пен ата - ана ынтымақтастығы“ тақырыбында ата - аналар жиналысы

Ата - аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысы негізінде ағымдағы жылдың 22-ші қаңтарында 9-11 сынып ата - аналары үшін, 23-ші қаңтарында 7-8 сынып ата- аналары үшін “Мектеп пен ата - ана ынтымақтастығы “ тақырыбында ата - аналар жиналысы оздырылды.

“Өнегелі өмір” атты математика саласының табысты қызметкері Сафуллин Елдос Набиоллаұлымен кездесу

22-26 қаңтар күндері аралығында лицейімізде оздырылып жатқан “Физика-математика - біздің айналамызда” апталығы аясында бүгін 23 қаңтар күні  “Өнегелі өмір” атты математика саласының табысты қызметкері Сафуллин Елдос Набиоллаұлымен кездесу өтті. Шара барысында математик өзінің өмір жолымен, шәкірттерді олимпиадаға дайындау барысындағы қызықты сәттерімен бөлісті.

Республикалық олимпиаданың ІІІ (облыстық) кезеңіне мектебімізден қатысқан оқушыларды марапаттау

Бүгін, 15 қаңтар күні мектебімізде Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІІ (облыстық) кезеңіне мектебімізден қатысқан оқушыларды марапаттау үшін салтанатты жиын оздырылды.

INSTAGRAM ЖЕЛІСІ 

Бүгін 79

Кеше 53

Осы аптада 666

Осы айда 1970

Барлығы 59801

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Ақпараттық технологиялар мектеп-лицей интернаты

Қазақстан Республикасы, 090000

Орал қ., Сүндетқали Есқалиев к., 107

Телефон/факс: +7(7112) 31 13 92, +7(7112) 31 13 92

Электронды пошта This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. 

Лицейдің сенім телефоны 8 (7112) 51 09 59

Ұлттық сенім телефоны 111

БҚО білім басқармасының сенім телефоны 8(7112) 26 04 63

it-lyceum.edu.kz

Посмотреть на карте Уральска