Ұлттық киім - қазақ халқының мәдени мұрасының бір бөлігі. Ұлттық киімді насихаттау салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты және тарихи ерекшеліктерді сақтауға және келер ұрпаққа жеткізуге ықпал етеді.
Осыған орай республикалық Наурыз мерекесіне арналған онкүндік шеңберінде 18 наурыз – «Ұлттық киім» күні деп аталып өтілуде.
Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты да осы күнді ерекше атап өтті. Мектеп ұжымы және оқушылары ұлттық киімімізді киіп, мерекенің сәнін келтірді.