Ұлттық спорт түрлерінің өмірімізде алар орны ерекше. Ол тек дене шынықтырып, салауатты өмір салтын қалыптастырып қоймай, елге, салт-дәстүрге, тарихқа деген құрметті, патриоттық рухты асқақтата түседі. Жалпы кез келген халықтың ұлттық ойындары арқылы сол елдің мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігі танылады.
Мектебімізде "Наурызнама" тұжырымдамасы аясында "Ұлттық спорт" күні аталып өтілді. Атаулы күнде арқан тартыс, асық ату, тоғызқұмалақ, бес асық, қол күресі, ләңгі тебу, т.б. ұлттық ойын түрлерінен сайыстар ұйымдастырылып, оқушыларымыз бақтарын сынады.
Ұлттық спорт ғасырлар бойы көшпелілер өркениетінің рухын көрсетіп келеді. Бұл жай ғана жарыс емес, бұл – ата-бабаларымыздың өмір жолының, күш-қуаты мен мейірбандығының және даналығының көрінісі.