Лицейімізде «Жаратылыстану - өмір тану, табиғаттың сырын табу» атты апталықтың алғашқы күні химия пәніне арналды. Апталық аясында 7-9 сынып оқушыларына арналған «Химиялық биатлон» зияткерлік сайысы оздырылды. Сайыстың мақсаты оқушылардың пәнге деген құштарлығын дамытып, ой-пікірін, тапқырлығын, ой-өрісін кеңейту.
Сайыс «Жұмбақ заттар», «Химиялық монополия», «Химиялық детектив» бөлімдерінен тұрып, сайысқа 4 құрама команда қатысты. Сайыс барысында лицей оқушылары өздерінің тапқырлығын, білімін көрсетті. Жас дарындыларымызға апталық аясында жалғасын табатын сайыстар мен шаралар, ақылды үзілістер барысында сәттілік тілейміз.