«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 7-8 сынып оқушыларына арналған «Кітап оқу бәйгесі» жарысы өтетінін хабарлаймыз.
Уақыты: 7-18 қараша.
Жоба шарттары төмендегідей:
I кезең
11-қараша күні оқуға берілген бірінші шығарма бойынша Google Form желісінде тест тапсыру арқылы өткізіледі. Сұрақтар тек ұсынылған бір шығарма бойынша болады. Тесттен жоғары балл жинаған және уақыты бойынша бірінші орындаған оқушылардың 70%-ы жобаның келесі кезеңіне өтеді. Сол күні жобаның екінші кезеңіне өткен оқырмандар үшін арнайы әдеби шығарма ұсынылады.
II кезең
14-қараша күні екінші кезеңнің қортындысы да дәл бірінші кезеңдегідей өткізіледі. Тесттен жоғары жинаған оқырмандардың 50%-ы жобаның соңғы қорытынды кезеңіне жолдама алады. Дайындыққа 2 күн уақыт беріледі.
III кезең
17-қараша күні қорытынды тест өткізіледі. Сұрақтар 1,2-кезеңдерде оқылған кітаптар бойынша қойылады.
18-қараша күні 1,2,3-орын алған кітапқұмар оқырмандар марапатталады. Үздік нәтиже көрсеткен қатысушыларға жұбаныш сыйлықтары және “Кітапқұмар оқырман”, “Оқуға құштар оқырман” сынды номинациялар беріледі. Сонымен қатар, жыл бойы бәйгеге белсенді қатысып, үздіктер қатарынан көріне білген оқырмандар арасынан «Жыл үздіктері» анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Жобаға қатысу үшін:
150 теңге төлеп, 15-20 беттен тұратын шығарманы 7-11 қараша аралығында алып үлгеріңіз.
Реквизит:
Каспий голд : +7 707 351 39 51
Аты-жөні: Багдагул М.
(Төлем жасаған соң түбіртекті жіберіп қойыңыз, сізге 1-2 сағатта кітапты жібереміз)
Тіркелуге асығыңыз! Кітап оқып, трендте болыңыз!