11-19 ақпан күндері өткен облыстық "Сапалы білім – сапалы сабақтан!" ашық сабақтар шеруіне мектебіміздің үздік ұстаздары қатысып, жетістіктерге қол жеткізді.
Физика пәні бойынша – Галиева Роза Беріковна
"Жаңашыл педагог" номинациясының иегері
Информатика пәні бойынша – Кожахметова Ляззат Асылбековна
"Идеялар шебері" номинациясының иегері
Ұстаздарымыздың білім беру саласындағы шығармашылығы мен жаңашылдығы үлкен жетістікке жетелейтіні сөзсіз. Сіздердің еңбектеріңіз жас ұрпақтың білімді, бәсекеге қабілетті болып қалыптасуына зор үлес қосады.
Әріптестерімізді құттықтап, алдағы уақытта осы байқауға қатысатын барлық мұғалімдерге сәттілік тілейміз!