«Биология әлемінде» атты ақылды үзіліс

Аптамыздың екінші күні Биология пәніне арналған болатын. Ұзақ қоңырау кезінде оқушыларымызға «Биология әлемінде» атты ақылды үзіліс өткізілді. Үзілістің мақсаты оқушыларымыздың биология пәніне деген қызығушылықтарын ояту.

География пәні бойынша апталық шаралары ұйымдастырылды

Жаратылыстану пәндері апталығының жоспарына сәйкес 10 сәуір география пәніне арналды.

Шара барысы оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында 7-сыныптардың қатысумен ақылды үзіліс уақытында «Ел танимыз» атты интеллектуалды боулинг ойынымен басталды. Елтану бағытындағы сұрақтарға дұрыс, әрі дәлелді жауап берген оқушылар мадақталып, сыйлықтарға ие болды.

«Химия – ой мен ойын» ақылды үзілісі ұйымдастырылды

Апталық барысында оқушылардың зерттеушілік ойлау қабілеттерін дамытып, химия пәндерінен алған білімдерін өмірде қолдану үшін қоңырауды тиімді пайдалану мақсатында «Химия – ой мен ойын» ақылды үзілісі ұйымдастырылды. Оқушылар QR-код арқылы жасырылған тапсырманы тауып, химиялық қосылыстардың формулалаларын құрастырды. Үзіліс уақытын тиімді пайдаланып қана қоймай, оқушылар бір-біріне көңіл күй сыйлай білді. Күнделікті оқу-білім алумен қатар, бос уақытын қызықты өткізіп отырса, оқушыларымыздың бойындағы шығармашылық, ізденімпаздық, ұйымшылдық қасиеттері арта түседі.

«Жаратылыстану - өмір тану, табиғаттың сырын табу» атты апталықтың алғашқы күні

Лицейімізде «Жаратылыстану - өмір тану, табиғаттың сырын табу» атты апталықтың алғашқы күні химия пәніне арналды. Апталық аясында 7-9 сынып оқушыларына арналған «Химиялық биатлон» зияткерлік сайысы оздырылды. Сайыстың мақсаты оқушылардың пәнге деген құштарлығын дамытып, ой-пікірін, тапқырлығын, ой-өрісін кеңейту.

Құттықтаймыз🏆

Дарындыларымыздын алдыңғы апталардағы жетістіктері🎊🎉
«Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумының облыстық кезеңінің қортындысы бойынша оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болды.

«Кітап оқу бәйгесі» жарысы оздырылды

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 18-31 наурыз күндері мектеп оқушылары арасында «Кітап оқу бәйгесі» жарысы оздырылды. Мақсат, оқушылардың көктемгі демалыс уақытын тиімді ұйымдастыру, көркем әдеби шығармаларды оқуға баулу, ойлау қабілетін жақсарту, сыни ойлау көзқарастарын дамыту. 

20 наурыз - ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҮНІ

Ұлттық спорт түрлерінің өмірімізде алар орны ерекше. Ол тек дене шынықтырып, салауатты өмір салтын қалыптастырып қоймай, елге, салт-дәстүрге, тарихқа деген құрметті, патриоттық рухты асқақтата түседі. Жалпы кез келген халықтың ұлттық ойындары арқылы сол елдің мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігі танылады.

Бүгін 70

Кеше 175

Осы аптада 801

Осы айда 874

Барлығы 30775

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Ақпараттық технологиялар мектеп-лицей интернаты

Қазақстан Республикасы, 090000

Орал қ., Сүндетқали Есқалиев к., 107

Телефон/факс: +7(7112) 31 13 92, +7(7112) 31 13 92

Электронды пошта This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. 

Лицейдің сенім телефоны 8 (7112) 51 09 59

Ұлттық сенім телефоны 111

БҚО білім басқармасының сенім телефоны 8(7112) 26 04 63

it-lyceum.edu.kz

Посмотреть на карте Уральска