Жаратылыстану пәндері апталығы аясында 7–10 сынып оқушылары арасында өткен "ақылды үзілістер", викториналар мен квесттік ойындар нәтижесінде үздіктер іріктеліп, апталықтың қорытынды күнінде ерекше форматтағы "Не? Қайда? Қашан?" танымдық-зияткерлік ойыны өткізілді.
Бұл сайыс – тек білімді ғана емес, тапқырлық пен топтық жұмыс қабілетін сынайтын қызықты интеллектуалды дода болды. Қатысушылар химия, биология, география және күнделікті өмірге қатысты сұрақтарға жауап беріп, жылдам ойлау, нақты шешім қабылдау және бір-бірін тыңдау дағдыларын көрсетті.
Шараның басты мақсаты – ынтымақтастықты арттыру, білім көкжиегін кеңейту және ой-өрісті дамыту.
Нәтижесінде, үздік топтар алғыс хаттар және сертификаттармен марапатталды.
Интеллектуалды ойын – оқушылардың білімге деген ынтасын арттырудың үздік үлгісіне айналды!