ШАХМАТ ТАҚТАСЫ ШАРШЫСЫНДА

Ұлттық мектеп лига жарыстарының облыстық кезеңінде 9-11 сыныптар арасында "Ақбозат" шахмат ойынынан мектебіміздің командасы ІІІ орынға ие болды.

7-сынып оқушыларының ата-аналарына «Оқу мен тәрбие - егіз» тақырыбында  жалпы ата-аналар жиналысы оздырылды

2024 жылдың 6 қараша күні лицейімізде конкурстық іріктеуден өткен 7-сынып оқушыларының ата-аналарына «Оқу мен тәрбие - егіз» тақырыбында  жалпы ата-аналар жиналысы оздырылды. 

Мектепке тарту!!!!

Жаңарған спорт залымыздың көрімдігі ретінде ата-ана, жеке кәсіпкер Аскар Серікұлы мектебімізге волейбол доптарын тарту етті. 

Аскар Серікұлы,  Сіздің бұл демеушілігіңіз біздің оқушыларымыздың спортқа деген қызығушылығын арттыруға, командалық рухты дамытуға және денсаулықтарын нығайтуға үлкен септігін тигізеді.

«Ақберен» өнер байқауының облыстық кезеңіне қатысқан оқушыларымыз жеңіспен оралды

Оқушылардың гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілетті, өлең жазу, тапқырлық қырын, дарынын таныту, олардың шығармашылық қабілеттеріне қолдау көрсетіп, әрі дамытуға жол ашу үшін ұйымдастырылған 8-11 сыныптың шығармашыл оқушыларының арасындағы Республикалық «Ақберен» өнер байқауының облыстық кезеңіне қатысқан оқушыларымыз жеңіспен қайтты.

ЖОБАЛАР ЖАРЫСЫНАН

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында оздырылған Республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңіне қатысқан 11 сынып оқушысы Аманғали Ақылбек физика секциясы бойынша жүлделі І орынға ие болса (жетекшісі Жасталап Әсел Талғатқызы), математика секциясы бойынша 10 сынып оқушысы Зинекешова Ясминур ІІІ орынмен марапатталды (жетекшісі Акшиев Шыңғыс Бекжанович). Сондай-ақ, 9 сынып оқушысы Нұрымбетқызы Алинур (жетекшісі Жасталап Әсел Талғатқызы) техника секциясы бойынша ғылыми жобалар байқауына белсене қатысқаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталды.

«Алтын күз-2024» атты дәстүрлі күзгі бал өткізілді

2024 жылдың 18 қазан күні лицейімізде 7-10 сынып оқушылары арасында «Алтын күз-2024» атты дәстүрлі күзгі бал өткізілді.

Шараның шымылдығы 11 сынып оқушыларының вальс биімен ашылды. Кейін 7-10 сынып оқушылары төрт кезең бойынша, яғни бірінші кезең- таныстыру, екінші кезең- өнер, үшінші кезең- қолөнер сайысы, төртінші кезең – сән бойынша бақтарын сынады.

Мектепке тарту!!!!

Ағымдағы жылы мектебімізде ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізіліп, мектебіміздің іші де, сырты да жаңарып қалды. Ғимараттың жаңаруы оқушыларға білім алу мен мектептегі уақыттарын жақсы өткізуге үлкен септігін тигізуде.

Үстел теннисінен жекелей есепте жеңімпаз атанды

9-қазан күні өткен ұлттық мектеп лига жарыстарының облыстық кезеңіндегі 7-8 сынып қыздары арасында үстел теннисінен жекелей есептегі сында оқушымыз Лукпанова Найля жеңімпаз болды. Оқушымызды және жетекшісі Арнаут Талаповичті шың жүректен құттықтаймыз!

Бүгін 57

Кеше 108

Осы аптада 189

Осы айда 315

Барлығы 35567

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Ақпараттық технологиялар мектеп-лицей интернаты

Қазақстан Республикасы, 090000

Орал қ., Сүндетқали Есқалиев к., 107

Телефон/факс: +7(7112) 31 13 92, +7(7112) 31 13 92

Электронды пошта This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. 

Лицейдің сенім телефоны 8 (7112) 51 09 59

Ұлттық сенім телефоны 111

БҚО білім басқармасының сенім телефоны 8(7112) 26 04 63

it-lyceum.edu.kz

Посмотреть на карте Уральска