Лицей командасы World Robot Olympiad — 2025 аймақтық кезеңінде жүлделі орынға ие болды!

2025 жылы өткен World Robot Olympiad (WRO) халықаралық робототехника олимпиадасының аймақтық кезеңінде лицейіміздің оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі 3-орынға ие болды. Бұл – оқушылардың шығармашылық қабілеті мен техникалық шеберлігінің нәтижесі.

Спартакиада оздырылды

Бүгін лицейімізде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ата-аналар арасында достық пен ынтымақты дәріптейтін Спартакиада оздырылды.

"Не? Қайда? Қашан?" – Зияткерлік суперфинал!

Жаратылыстану пәндері апталығы аясында 7–10 сынып оқушылары арасында өткен "ақылды үзілістер", викториналар мен квесттік ойындар нәтижесінде үздіктер іріктеліп, апталықтың қорытынды күнінде ерекше форматтағы "Не? Қайда? Қашан?" танымдық-зияткерлік ойыны өткізілді.

Ұстаздар зияткерлік сайыста бақ сынасты!

Жаратылыстану пәндері апталығы аясында мектеп ұстаздары арасында “НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?” ойыны форматында танымдық-зияткерлік шара ұйымдастырылды. Бұл ойын мұғалімдердің білімін, тапқырлығын және ұжымдық жұмысын сынайтын қызықты форматта өтті.

9-10 сыныптар арасында жаратылыстану пәндерінің апталығы аясында мектепте ерекше форматтағы танымдық шара

9-10 сыныптар арасында жаратылыстану пәндерінің апталығы аясында мектепте ерекше форматтағы танымдық шара ұйымдастырылды. Биылғы апталық "Кариб теңізінің қарақшылары" тақырыбында квест түрінде өтіп, оқушыларды логикалық тапсырмалар мен қызықты практикалық кезеңдерге толы саяхатқа жетеледі.

«Үздік  бестік» тізімі

2025 жылдың 23-сәуір күні өткен сынама тестілеуде  жоғары көрсеткіштерімен ерекшеленген «Үздік  бестік» тізімін назарларыңызға ұсынамыз:

«Ғылыми экспедиция: Қазынаға жол» атты ақылды үзіліс ойыны оздырылды

Бүгін 9 – 10 сыныптар арасында «Жаратылыстану кемесі: теңізден ғылымға» атты жаратылыстану пәндері апталығы аясында «Ғылыми экспедиция: Қазынаға жол» атты ақылды үзіліс ойыны оздырылды.

INSTAGRAM ЖЕЛІСІ 

Бүгін 104

Кеше 53

Осы аптада 691

Осы айда 1995

Барлығы 59826

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Ақпараттық технологиялар мектеп-лицей интернаты

Қазақстан Республикасы, 090000

Орал қ., Сүндетқали Есқалиев к., 107

Телефон/факс: +7(7112) 31 13 92, +7(7112) 31 13 92

Электронды пошта This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. 

Лицейдің сенім телефоны 8 (7112) 51 09 59

Ұлттық сенім телефоны 111

БҚО білім басқармасының сенім телефоны 8(7112) 26 04 63

it-lyceum.edu.kz

Посмотреть на карте Уральска