Бүгін біз бір игі іске – қоршаған ортамызды көркейтуге, көгалдандыруға бағытталған «Жаратылыстану кемесі: теңізден ғылымға» атты жаратылыстану пәндері апталығы аясында лицей оқушылары арасында «Гүл егу» акциясы оздырылды.
Акция қонақтары экологиялық-биологиялық орталықтың өсімдіктер бөлімінің меңгерушісі Каумбаева Фиягуль Кубиновна және облыстық экологиялық-биологиялық орталықтың қосымша білім беру педагогі Курманова Гүлайым Талғатқызы оқушыларға гүл егудің қыр-сырымен, өз тәжірибелерімен бөлісе отырып, оқушылармен гүл отырғызуға атсалысты. Сонымен қатар гүлді ары қарай күтіп баптаудың қыр-сырымен таныстырып өтті. Акция соңында қонақтарымызға лицей директоры Ж.М. Шонбаев атынан «Алғыс хат» табысталды. Бұл акция – тек гүл егу емес, ол табиғатқа деген жанашырлықтың, мейірімділіктің көрінісі. Көгалдандыру жұмыстары бұдан әрі де жалғасын таба берсін!