2025 жылдың 10 қаңтары күні «Мамандық таңдаудағы маңызды қадамдар» тақырыбында түлектермен кездесу ұйымдастырылып, оған Астана, Алматы және Орал қалаларындағы жоғары оқу орындарында білім алып жатқан түлектер қатысты.
2025 жылдың 10 қаңтары күні «Мамандық таңдаудағы маңызды қадамдар» тақырыбында түлектермен кездесу ұйымдастырылып, оған Астана, Алматы және Орал қалаларындағы жоғары оқу орындарында білім алып жатқан түлектер қатысты.
2025 жылдың 9-10 қаңтар күндері өткен «RoboLand» облыстық роботтық техника жарысында «Робогеометрия (14-17 жас)» категориясы бойынша мектебіміздің командасы (Елеу Азамат,Раш Дарын) I орын иеленді. Жетекшісі: Бекчурина Айнур Тулегеновна. Құттықтаймыз!
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп ұжымы мен ата-аналарына арналған «Кітап оқу бәйгесі» жарысы жалғасын табады.
6-7 қаңтар күндері өтілген жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысқан оқушыларымыздың жетістіктері:
26 желтоқсан күні лицейімізде жарқын көңіл-күй мен қуаныш сыйлаған “Жаңа жыл, жаңа белес, жаңаша нұр” атты жаңа жылдық шара ұйымдастырылды. Бұл ерекше кеш жаңа жылдық мерекенің сәнін келтіріп, оқушылардың ынтымақ пен шығармашылыққа деген ынтасын арттыруға бағытталды.
2024 жылдың 24 желтоқсан күні лицейіміздің оқу озаты, көп балалы отбасынан шыққан 7 "б" сынып оқушысы Калесова Альбина "Президент шыршасына" қатысып келді. Жаңа жылдық салтанатты шарада облыс әкімі Төреғалиев Нариман Төреғалиұлы балаларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жүрекжарды тілегін жеткізді.
2024 жылдың 20 желтоқсаны күні лицейімізде "Бала шақтан болашаққа" атты Назарбаев университетінің студенттері мен 9-11-оқушылары арасында кездесу өтті. Бұл іс-шараның мақсаты – мектеп оқушыларына жоғары білім алу және студенттік өмір туралы мағлұмат беру, оларды болашақта білім алу жолында ынталандыру.
Құрметті оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар!
Тәуелсіздік – халқымыздың ең ұлы құндылығы, еркіндіктің, бейбітшіліктің, бірліктің символы. Бұл күн бізге ата-бабаларымыздың ерлігі мен еңбегінің арқасында жетті. Енді оны сақтау мен дамыту – әрбіріміздің міндетіміз.
Жас ұрпақтың жарқын болашағы тәуелсіздікпен тығыз байланысты. Білімге ұмтылып, ел игілігіне үлес қосатын саналы азамат болуға шақырамыз.
Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! Еліміз өркендеп, әр шаңыраққа шаттық пен береке орнасын!