«Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында күзгі демалыс кезінде «Сүйікті кітапқа арналған үздік иллюстрация» байқауы өтеді!
Байқаудың мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және сүйікті кейіпкерлерін бейнелеу арқылы қиялын ұштау.
Қатысу шарттары:
- Байқауға тек 7-сынып оқушылары қатыса алады;
- Қатысушы өзіне ұнаған кітап бойынша иллюстрация (сурет) салады;
- Сурет ақ қағазға түрлі бояу, акварель, гуашь немесе графикалық тәсілдермен орындалуы мүмкін;
- Жұмыстың астына қатысушының аты-жөні, сыныбы жазылады.
Жұмыстарды қабылдау мерзімі:
- Күзгі демалыс уақыты бойы (3-қарашаға дейін)
Нәтижесі:
Үздік деп танылған жұмыстар кітапханада көрмеге қойылып, жеңімпаздар марапатталады!
Барлық жас суретшілерді шығармашылық байқауға белсене қатысуға шақырамыз!
