«Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында 27 қазан – 3 қараша күндері 8-сынып оқушылары арасында «Кітап оқу бәйгесі» жарысы оздырылды. Бұл жолғы бәйгеде қатысушыларға ағылшын тіліндегі қысқа көркем шығармалар ұсынылды.
Мақсат, оқушылардың күзгі демалыс уақытын тиімді ұйымдастыру, оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын көркем шығармаларды оқыту арқылы дамыту.
Кітап оқу жарысының 1,2-кезеңдері Google Form желісі арқылы, қорытынды кезеңі Kahoot платформасымен тест тапсыру арқылы өткізіліп, үздіктері анықталды.
Бәйге 3 кезеңге бөлінді. Барлығы 45 оқушы қатысты, солардың ішінен 70%-ы екінші кезеңге, 50% -ы қорытынды кезеңге өтті.
Үш кезеңнің қорытындысы бойынша 8В-сынып оқушысы Есенгельдина Зульфина I дәрежелі дипломмен (3 000 теңгелік сертификат), 8А-сынып оқушысы Абат Әли II дәрежелі дипломмен (2 500 теңгелік сертфикат), 8Б-сынып оқушысы Тюлекбаева Диляра III дәрежелі дипломмен (2 000 теңгелік сертификат), 8В-сынып оқушысы Асқар Лэйла «Оқуға құштар оқырман» (700 теңгелік сертификат), 8В-сынып оқушысы Сағат Ердәулет «Үздік талпыныс» (700 теңгелік сертификат) және 8А-сынып оқушысы Дүсембай Аружан «Кітаппен достасқан оқушы» (500 теңгелік сертификат), 8А-сынып оқушысы Серік Айзере «Кітапқұмар оқырман» (500 теңгелік сертификат) , 8Б-сынып Үмбеткалиев Ғалым «Кітап оқу майталманы» (500 теңгелік сертификат), 8В-сынып оқушысы Сериков Арнұр «Кітап оқу шебері» (500 теңгелік сертификат), 8Ә-сынып оқушысы Байболат Аққу «Ең белсенді оқырман» (500 теңгелік сертификат) аталымдарымен марапатталды.
Оқу бәйгесінде белсенділік танытып қатысқан барша оқырмандарымызға алғыс білдіреміз!