30 мамыр күні мектебімізде 10-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен “Бір үйдің баласындай” атты түлектермен қоштасу кеші оздырылды. Шараға мектеп әкімшілігі, ұстаздар, 7-9 сынып оқушылары қатысты. 10-сынып оқушылары өнер көрсетіп, қызықты ойындар да ұйымдастырылды. Түлектерге арнайы аталымдар табысталып, шағын сыйлықтар берілді. Түлектер болашаққа хат жазып, 5 жылдық тарихтары жиналған видеоны тамашалап, уақытты керемет өткізді. Шара би кешімен жалғасты.
Ұйымдастыруға атсалысқан барша 10-сынып оқушыларына, сынып жетекшілерге алғыс білдіреміз.,