2023 жылдың ақпан айында мектебіміздің мұғалімдерінен құралған топ тәжірибе алмасу мақсатымен Астана қаласының №81 "Astana English School" мектебіне іссапармен барып келген болатын. Наурыз айында өткізілген педагогикалық кеңесте іссапарға барып келген әріптестеріміз аталған мектептің оқушыларының жеке жобамен жұмыс жасау тәжірибесін, жаңалығын, өзектілігін, қажеттілігін, бағытын баяндап, келесі оқу жылында оқу жоспарына жобалық іс-әркетке бағытталған курстар, үйірме сағаттарын енгізуді ұсынды.
«Жобалық іс-әрекет» әлемдік педагогикада жаңалық емес, оқушылар күнделікті өмірдегі құбылыстарды зерттеп, жоба негізінде орындайды. Жобалық оқытуда оқушылардың жеке қабілеті мен қасиеттерін анықтау, танымдық, шығармашылық іс-әрекетін қамтамасыз ету және өздігінен білімін жетілдіру көзделеді. Ұйымдастырудың формасы: жеке және топтық.
Жеке жоба барысында оқушылардың жұмыстары үш критерий бойынша жүргізеді:
А критерий - Жоспарлау;
Б критерий - АТЛ дағдыларын қолдану (АТЛ дағды деген - халықаралық бакалавриат бойынша оқушының бойында болуы керек дағдылар: зерттеуші, тілтабысу, талдау жасау, т.с.с.);
С критерий - Рефлексия.
Бүгін мектебімізде осы бағыттағы жұмыстарды түсіндіру мақсатында «Жобалық іс-әрекеттер жәрмеңкесі» ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары 11 жобаны мектеп оқушылары мен ұстаздарына таныстырды.
1.Адирова Азиза-«Хоббиден-мамандыққа» (сурет салу);
2.Залмұқан Айша-«Ойыннан ой іздеу» (дойбы);
3.Ғарифолла Айкен- «Қазір әзір тәттілер» (кондитер);
4.Кирейханұлы Дәулетхан- «Frontend Development» (сайт жасау);
5. Муратова Жанар «Кітап оқудың тиімділігі неде?»
6.Болатов Алишер-«Менің жетістік тарихым» (дойбы)
7.Кабиева Аружан – «Жас кондитер»;
8.Халиуллин Мадияр-«Пәндік олимпиада-біліммен қаруланған жүйріктердің додасы.» (олимпиада жүлдегері болудың жолдары);
9.Батай Алихан –« Жетістікке жеткізген еңбек» (каратэ);
10. Днишева Алиана- «Ағылшын тілінің бізге ашар мүмкіндіктері» (FLEX бағдарламасы)
11.Тұрлан Халлимурсалим «Битмейкинг-компьютерлік заманауи музыка» (заманауи музыканы өңдеу).
Жәрмеңке барысында жобаның тиімділігі, оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға итермелейтіндігі, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелейтіні көрінді. «Жобалық іс-әрекет» оқушыларға белгілі бір пән бойынша терең де сапалы білім алуға кепіл бола алады.