2025 жылдың 20 наурызында лицейімізде ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған “Наурыз мейрамы – ұлылықтың ұйытқысы” атты мерекелік шара өтті. Іс-шара барысында оқушылар үш ауылға бөлініп, халқымыздың салт-дәстүрлері мен мәдениетін насихаттады.
“Алаш” ауылы қазақтың тұрмыс-тіршілігін бейнелеп, ат әбзелдерін, ою-өрнек өнерін, сондай-ақ сүйінші сұрау салтын көрсетті.
“Жайық” ауылы халқымыздың қонақжайлық дәстүрін дәріптеп, қонақкәде салтын орындады. Сонымен қатар, олар қазақ қолөнеріне қатысты құрал-жабдықтармен таныстырып, ата-бабаларымыздың шеберлік дәстүрін көрсетті.
“Ақ Орда” ауылы өз өнерлерін ортаға салып, ұлттық салт-дәстүрлердің бірі – шілдехана рәсімін көрсетті. Әсем ән мен күмбірлеген күй көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Шара соңында қамқоршылық кеңес ұйымының мүшелері Бекмағамбетова Айнұр Сабырғалиқызы мен Кадиралиева Жанар Кажигалиевна әр ауылдың оқушыларын арнайы аталымдармен марапаттады:
• “Ұлттық мұра” аталымы – “Алаш” ауылы
• “Қонақжай ауыл” аталымы – “Жайық” ауылы
• “Өнерлі өркен” аталымы – “Ақ Орда” ауылы
Бұл мереке оқушылардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, қазақ халқының рухани мұрасын тереңірек тануға мүмкіндік берді деген сенімдеміз.