Лицей ұжымы мен лицей оқушылары үшін «Кітап оқу бәйгесі» жарысы жалғасын табатындығын және бәйгеде керемет жаңалықтар мен өзгерістер болатындығын қуана жариялаймыз.
Бұл жолы мектеп болып оқылатын шығарма автордың қолдауымен Санжар Керімбайдың «Қаныш және ғылыми майдан» шығармасы.
Ендеше қалыс қалмаңыздар,уақыты 18 наурыз - 18 сәуір аралығы.
Жоба шарттарында өзгеріс бар
I кезең
1 ай уақыт аралығында дәстүрлі түрде кітапты қолыңызға мектеп кітапханасынан тегін алып оқи аласыз.
II кезең
22-сәуір күні 9-10 сынып оқушылары Kahoot қосымшасы арқылы оқылған шығарма бойынша тест тапсырады
23-сәуір күні мектеп ұжымы Kahoot қосымшасы арқылы оқылған шығарма бойынша тест тапсырады
24-сәуір күні 1,2,3-орын алған жеңімпаз оқырмандар марапатталады. Сонымен қатар үздік нәтиже көрсеткен қатысушыларға «Кітапқұмар оқырман», «Оқуға құштар оқырман» сынды номинациялар беріледі.
Жобаға қатысу үшін:
18 наурыздан бастап Санжар Керімбайдың «Қаныш және ғылыми майдан» шығармасын алып үлгеріңіз.
Тіркелуге асығыңыз! Кітап оқып, трендте болыңыз!