30-31 қаңтар күндері №31 мектеп базасында өткен облыстық «Robotek Grand Tournament» роботтық техника жарысында мектебіміздің дарынды командалары тамаша нәтиже көрсетті.
Нәтижелер:
1-орын – «Сұрыптаушы робот» категориясы
Раш Дарын, Амангелдин Мадияр
2-орын – «Туды жеткізу» категориясы
Есенжанов Султан, Махамбет Тамирлан
2-орын – «РобоБаскетбол» категориясы
Елеу Азамат, Нурланов Еркебулан
Бұл жетістіктерге жету жолында жетекшіміз Бекчурина Айнур Тулегеновна өз білгенін ортаға салып, ұжыммен бірге еңбек етті. Мектебіміздің оқушылары өздерінің білімдері мен дағдыларын жоғары деңгейде көрсетті.
Ендігі кезекте республикалық кезеңде сәттілік тілейміз!