30 қаңтар күні лицейіміздің оқушылары қаламыздағы “Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына” барып, “Өмірдің асыл қазынасы” атты концерттік бағдарламасын ұсынды. Бұл игі шара жастардың үлкендерге деген құрметін арттырып, мейірімділік пен жанашырлық секілді адами қасиеттерін дамытуға бағытталған.
Оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, әсем әндер шырқап, жүрек тебірентер өлеңдер оқып, әсерлі билерін тарту етті. Қариялар жас өнерпаздардың орындауындағы әрбір қойылымды жылы қабылдап, оларға ризашылықтарын білдірді.
Осындай қайырымдылық шаралары аға буын мен жастар арасындағы байланысты нығайтып қана қоймай, өскелең ұрпақтың бойына ізгілік пен адамгершілік қасиеттерін сіңіруге ықпал етеді. Алдағы уақытта да бұл дәстүр жалғасын табады деп сенеміз.