14-15 қараша күндері өткізілген облыстық А.Тайманов атындағы "Ақ желкен" математикалық олимпиадасына қатысқан 7 сынып оқушысы Галимжан Данияр ІІІ орынға (жетекшісі: Шынболатова А.А), 10 сынып оқушысы Ғизат Әлихан "Алғыс хатқа" (жетекшісі: Акшиев Ш.Б), 9 сынып оқушысы Малашова Камшат ІІ орынға (жетекшісі: Нигметуллина С.Б), 11 сынып оқушысы Аманғали Ақылбек ІІ орынға (жетекшісі: Мусагалиева Г.К) ие болды.
Жалпы командалық есепте 7-8 сынып оқушыларымыз "Алғыс хатпен", 9-11 сынып оқушыларымыз ІІІ орынмен марапатталды. Дарынды оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!