2024 жылдың 6 қараша күні лицейімізде конкурстық іріктеуден өткен 7-сынып оқушыларының ата-аналарына «Оқу мен тәрбие - егіз» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы оздырылды.
Жиналысқа лицей директоры Ж.М Шонбаев, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.С Имангалиева, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Ж Ихсанова, интернат меңгерушісі Қ.Ю Раймова, мектеп дәрігері А.Т Галламова, әлеуметтік педагог Ф.Е Бекетова және сынып жетекшілер қатысты.
Күн тәртібінде оқу үдерісі, мектептің және интернаттың ішкі тәртіп ережелері, асханадағы тамақтану және ағымдағы мәселелер қаралды.
Ата-аналар тарапынан күн тәртібінде көтерілген мәсеселер бойынша сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.