Оқушылардың гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілетті, өлең жазу, тапқырлық қырын, дарынын таныту, олардың шығармашылық қабілеттеріне қолдау көрсетіп, әрі дамытуға жол ашу үшін ұйымдастырылған 8-11 сыныптың шығармашыл оқушыларының арасындағы Республикалық «Ақберен» өнер байқауының облыстық кезеңіне қатысқан оқушыларымыз жеңіспен қайтты.
«Эссе жазу» номинациясы бойынша эссенің мазмұны, сауаттылығы, әдеби мәліметтерді орнымен қолданғаны үшін 11 сынып оқушысы Серікқали Еңлік жүлделі ІІ орынмен, «Ұлттық аспапта өнер көрсету» номинациясы бойынша өнері мен жетіген аспабында орындау шеберлігі үшін 9 сынып оқушысы Елемесова Данагул жүлделі ІІІ орынмен марапатталса, «Шешендік, білгірлік сайысы» номинациясы бойынша байқауға қатысқан 9 сынып оқушысы Талап Жанерке белсене қатысқаны үшін дипломмен марапатталды.
Оқушыларды байқауға дайындаған қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мусагалиева Райля Қуанышқызына алғыс білдіріп, дарынды оқушыларымызды құттықтаймыз!