Біздің мектепке 7-сыныпқа конкурстық іріктеуге қатысуға өтініш берген үміткерлердің ата-аналарының назарына!!!
Құрметті ата-аналар!
«Абырой» ЖК-і ағымдағы жылдың 8 маусымында өткізген конкурстық іріктеу қорытындысы келісім шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын, ұсынылған техникалық ерекшеліктерге сай келмеуіне байланысты қабылданбады. Сондықтан, мектеп атынан «Абырой» ЖК-ін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы сотқа талап арыз беріліп, мәселе сотта қаралды.
«Абырой» ЖК-ін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы сот шешімі шықты. «Абырой» ЖК-і жүргізген жұмыстардың 70-80 пайызы техникалық ерекшелікке сай келмейтіндігі сотта дәлелденіп, мектепке конкурстық іріктеу жүргізу үшін жарамсыз деп танылды.
Алдағы уақытта ақпан – сәуір аралығында біздің мектепке 7-сыныпқа конкурстық іріктеуге өтініш берген 270 үміткер үшін конкурстық іріктеу жүргізу үшін қайтадан емтихан өткізу жоспарлануда. Нақты уақыты мен орыны қосымша хабарланатын болады.
Ата-аналарға және үміткер оқушыларға келтірілген қолайсыздықтар үшін мектеп атынан кешірім сұраймыз.
Конкурстық іріктеу «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығы негізінде жүзеге асырылатынын тағы да қатеріңізге береміз.
Мектеп әкімшілігі