Қыркүйектің 6-сы күні, Хан тоғайында Денсаулық күніне арналған эстафеталық жарыс өткізілді. Жарыс барысында оқушылар жаттығулар жасап, флеш-моб ұйымдастырып, бірыңғай би биледі. Дене шынықтыру пән мұғалімдері 7-11 сынып оқушылары арасында спорттық ойындар (флеш-моб, дала жарысы, шағын футбол, үлкен допты тордан асыру, көңілді сөре, дарте, гір тасын көтеру, күш сайысы) сынды ойындар өткізді.