Бүгін Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп лицей интернатында 2024 жылғы мектеп түлектеріне арналған «Мектебім, саған мың алғыс!» атты салтанатты шара өтті.
Мектебіміздің 55 түлегі үшін соғылған соңғы қоңырауға “Қамқоршылық кеңес” ұйымының мүшесі ата-ана, «Орал қаласының Құрметті азаматы» ардагер ұстаз Сапаров Ерсайын Қадырұлы, Қамқоршылық кеңес төрайымы Унаева Айман Сәрсенбайқызы, және “Мектеп түлектері қауымдастығы” мүшелері мен демеушілеріміз қатысты.
Шара ҚР Мемлекеттік гимнімен ашылды. Алғы сөз алған мектеп директоры Шонбаев Жеңіс Меңдіғалиұлы түлектерге ақ жол, сәт сапар тіледі. Ата-аналар атынан 11Д сынып оқушысы Алмагамбетова Диляраның анасы Бергалиева Шынар Маратовна ақ тілегін арнады.
Салтанатты шара барысында мектебіміздің жыл қорытындысы бойынша Пән үздіктері марапатталды. Сонымен қатар “Үздік жыл таңдауы -2024“ номинациясын табыстау үшін “Қамқоршылық кеңес” ұйымының мүшесі, ата ана “Орал қаласының құрметті азаматы“ Сапаров Ерсайын Қадырұлына ұсынылды. 11 «А» сынып оқушысы Мұратова Жанарға “Үздік жыл таңдауы -2024“ номинациясын табыстап, лицей түлектеріне аталық ақ тілегін арнады.
Биылғы түлектер атынан сөз кезегі 11 «А» сынып оқушысы Тұрлан Халиммурсалимге берілді. Түлектер білім нәрімен сусындатқан мектеп мұғалімдеріне гүл шоқтарын ұсынып, артынан ерген ізбасарларына алтын ұя мектептерін аманаттады.
Шара мектеп бітірушілердің вальсімен жалғасын тауып түлектер үшін соңғы қоңырау үні сыңғырлады .Түлектердің арманын биікке ұшырып, ең үлкен өмір мектебіне шығарып салатын салтанатты шара 11 сынып оқушылары Жақсылықова Шұғыла, Утеуова Дарина мен Асқар Әсемнің орындауындағы «Соңғы қоңырау» әнімен қорытындыланды.