Мектебімізде І тоқсанның қорытындысына арналған «Білім мен табыс – болашақтың кепілі» атты тоқсандық саптық жиын өтті.
Жиын барысында облыстық байқау жеңімпаздары марапатталып, семинар-тренингке белсенді қатысқан оқушыларға алғыс хаттар табысталды. Сонымен қатар мектеп президенті мен Ұланбасы сайлауының қорытындысы жарияланды.
Мектепішілік пәндер олимпиадасында үздік нәтиже көрсеткен оқушылар I, II, III орындар бойынша марапатталып, олардың білімге деген ұмтылысы мен табандылығы атап өтілді.
Жиынның маңызды сәттерінің бірі — 7-сынып оқушыларын «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау рәсімі болды.
Барлық марапат иелерін құттықтаймыз! Келесі тоқсанда да толағай табыстар мен жарқын жеңістерге жете беріңіздер!