21-қазан күні лицейміздің оқушылары «Менің шағын Отаным» облыстық байқауында жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
Байқау аясында оқушылар туған өлкенің тарихын зерделеп, тарихи мұраны цифрлық технологиялар арқылы таныстыру және өңірдің болашағына бағытталған тың идеяларды ұсыну бағыттарында өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін танытты.
«Тұлға және дәуір: цифрлық тарихи портрет» бағыты бойынша 10-сынып оқушысы Нұржан Аяулым ІІІ орынға ие болды.
Ал «Ақылды өлке: болашаққа арналған шешім» бағыты бойынша 10-сынып оқушылары Махамбет Тамерлан мен Нұрланов Еркебұлан І орын иеленіп, лицей мерейін асқақтатты.
Оқушыларды байқауға дайындаған тарих пәнінің мұғалімі Жексенова Азат Бисембаевичке шәкірттердің ізденісіне бағыт-бағдар беріп, білімдері мен қабілеттерін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз.
Бұл жетістіктер – оқушылардың ізденімпаздығының, шығармашылық әлеуетінің және ұстаз еңбегінің жемісі. Осындай байқаулар жас ұрпақтың туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттырып, тарихи санасын қалыптастыруға және болашаққа бағытталған жаңа идеяларды жүзеге асыруына мүмкіндік береді.
Лицейіміздің жеңімпаз оқушылары мен жетекшісін шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы республикалық кезеңге сәттілік тілейміз!