Өтетін уақыты: 20 қазан – 2 қараша
Жарыс 3 кезеңнен тұрады.
I кезең — 26 қазан
Оқуға ұсынылған бірінші шығарма бойынша Google Form арқылы тест өткізіледі. Жоғары нәтиже көрсеткен және уақыт бойынша алдыңғы орында тұрған оқушылардың 70%-ы келесі кезеңге өтеді. Сол күні II кезеңге өткен оқырмандарға жаңа шығарма ұсынылады.
II кезең — 29 қазан
Екінші кезең де бірінші кезеңдегідей тест форматында өткізіледі. Жоғары нәтиже көрсеткен оқушылардың 50%-ы қорытынды кезеңге жолдама алады.
III кезең — 2 қараша
Қорытынды тестте I және II кезеңде оқылған екі шығарма бойынша сұрақтар қойылады.
Сол күні 1, 2, 3-орын иегерлері марапатталады. Сонымен қатар үздік нәтиже көрсеткен қатысушыларға «Кітапқұмар оқырман», «Оқуға құштар оқырман» аталымдары мен жұбаныш сыйлықтары табысталады.
Жобаға қатысу үшін 150 теңге төлеп, шығарманы 26 қазанға дейін алып, оқуға кірісіңіз!
Кітап оқып, трендте болыңыз!