15 қазан күні 9–11-сынып оқушылары арасында 2026–2027 оқу жылының жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі өткізілді.
Олимпиаданың негізгі мақсаты – дарынды оқушыларды анықтау, олардың пәндік білімдерін тереңдету, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамыту, сондай-ақ ғылыми ізденіске деген қызығушылығын арттыру.
Білім додасында оқушылар пәндер бойынша білімдерін сынап, күрделі тапсырмаларды орындау барысында логикалық ойлау, талдау және өз бетінше шешім қабылдау дағдыларын көрсетуге мүмкіндік алды. Олимпиада қатысушылар үшін өз білімін бағалап, қабілетін шыңдауға және алдағы ізденіс бағытын айқындауға жол ашты.
Мектепішілік олимпиада – білімге құштар, ізденімпаз оқушыларды қолдауға бағытталған маңызды шара. Мұндай зияткерлік сайыстар білім алушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, табандылық пен жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.
Барлық қатысушыларға ынта-жігері мен білімге деген ұмтылысы үшін алғыс білдіреміз. Жоғары нәтиже көрсеткен оқушыларымызға олимпиаданың алдағы кезеңдерінде сәттілік тілейміз! Ізденістеріңіз жаңа жетістіктерге, білім жолындағы қадамдарыңыз жарқын жеңістерге ұлассын!