13 қазанда мектебімізде «Зерде» зерттеу жұмыстары республикалық байқауының мектепішілік кезеңі өтті. Байқауға қатысқан 7–8-сынып оқушылары екі бағыт, 12 секция бойынша дайындаған жобаларын таныстырды.
Оқушылар өздерін қызықтырған мәселелерді зерттеп, жинаған мәліметтері мен жасаған қорытындыларын ортаға салды. Жобаларды таныстыру барысында олар зерттеу тақырыбының өзектілігін түсіндіріп, жұмыс нәтижелерін жеткізуге мүмкіндік алды.
«Зерде» байқауы оқушылардың ізденіске қызығушылығын арттырып, зерттеу жүргізу және өз ойын көпшілік алдында жүйелі жеткізу дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Мектепішілік кезең жас зерттеушілер үшін өз еңбегін көрсетуге және тәжірибе жинауға жақсы мүмкіндік болды.
Байқауға қатысқан барлық оқушыларға ізденісі мен еңбегі үшін алғыс білдіреміз.