2026 жылғы 24 қыркүйекте 11-сынып оқушыларына арналған «Менің даму траекториям» тақырыбында жиналыс өткізілді.
Жиналыстың негізгі мақсаты - жоғары оқу орнына түсуге дайындық барысында оқушыларға қажетті ақпарат беріп, олардың болашақ білім алу бағытын жүйелі жоспарлауына бағыт-бағдар беру.
Жиналыс барысында оқушыларға 2026 жылғы жоғары оқу орындарына түсу көрсеткіштері мен білім беру гранттарының нәтижелері таныстырылды. Сонымен қатар халықаралық емтихандардың (IELTS, SAT және т.б.) және жоғары оқу орындарының қабылдау емтихандарының өткізілу мерзімдері, тіркелу кезеңдері мен негізгі талаптары туралы ақпарат берілді.
Оқушыларға жоғары оқу орнын және білім беру бағдарламасын таңдауда жеке қызығушылықтары мен қабілеттерін ескеру, емтихан мерзімдерін алдын ала жоспарлау, қажетті құжаттарды уақытылы дайындау және қабылдау талаптарымен алдын ала танысу жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жиналыс соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, жоғары оқу орнына түсуге дайындықты тиімді ұйымдастыру бойынша пайдалы ақпараттармен толықты.