Мектебіміздің ауласында 7–11-сынып оқушыларының, ата-аналар мен мектеп ұжымының қатысуымен «Білім күніне» арналған салтанатты шара өтті.
Салтанатты жиынды мектеп директоры Ж.М. Шонбаев ашып, оқушыларды, ата-аналарды және мектеп ұжымын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
Мерекелік шара барысында мектебімізге жаңадан қабылданған 7-сынып оқушыларының есімдері салтанатты түрде аталып, оларға жаңа ортаға сәтті бейімделіп, білім жолында биік жетістіктерге жетуге ақ тілектер айтылды.
Алғашқы қоңырауды соғу мәртебесі «Алтын белгіге» үміткер, облыстық олимпиада жеңімпазы Арыков Алихан мен жоғары балл жинаған оқушы Серік Маржанға берілді.
Салтанатты шараның соңында 7-сынып оқушыларының ата-аналары атынан Б.Е. Шамарова сөз сөйлеп, мектеп басшылығы мен ұстаздар қауымына алғысын білдіріп, оқушыларға сәттілік тіледі.
Салтанатты жиыннан кейін барлық сыныптарда «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағаттары барысында Қазақстан Республикасы Конституциясының құндылықтары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, заңды сақтау, адал еңбек ету, қоғамдық тәртіп пен мемлекеттік рәміздерді құрметтеу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар білім алушыларға «Адал азамат», «Таза Қазақстан», «Заң және тәртіп», «Толық адам», «Зерделі ұлт» қағидаттарының маңызы түсіндірілді.
Оқушылар мектеп аумағының тазалығын сақтау, мемлекеттік мүлікке ұқыпты қарау, білім беру ұйымының ішкі тәртіп ережелерін орындау және цифрлық этиканы ұстану жөніндегі жеке жауапкершілік туралы ой бөлісті.
Жаңа оқу жылы барша ұстаздарымызға шығармашылық табыс, ата-аналарымызға қуаныш, ал оқушыларымызға терең білім мен жарқын жетістіктер әкелсін!
Жаңа оқу жылы құтты болсын!
#БілімКүні #ЖаңаОқуЖылы #АдалАзамат #ЗерделіҰлт #ЖауаптыҚоғам #ТазаҚазақстан #ЗаңЖәнеТәртіп #БіртұтасТәрбие