Аптамыздың екінші күні Биология пәніне арналған болатын. Ұзақ қоңырау кезінде оқушыларымызға «Биология әлемінде» атты ақылды үзіліс өткізілді. Үзілістің мақсаты оқушыларымыздың биология пәніне деген қызығушылықтарын ояту.
Кейін сағат 15:00де 8 сынып оқушылары арасында “Биологиялық time” атты интеллектуалды жарыс оздырылды. Жарыс 5 турдан тұрған болатын, атап өтсек:
I. Блиц сұрақтар
II. “Мен кіммін?”
III. Құпия қорап
IV. Сурет салу
V. Функционалды сауаттылық сұрақтар.
Жалпы жарыс барысында оқушыларымыз тартысты ойын көрсете білді. Сонымен қатар өз білімдерін толықтырып қана қоймай, уақыттарын тиімді әрі қызықты өткізе алды.