Мектебіміздің оқушысы Қанжағалиева Альмира Қытай Халық Республикасындағы Jianghan University университетінен шақырту алды.
Бұл – Альмираның табанды еңбегі мен білімге деген ұмтылысының нәтижесі. Осындай айтулы жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы студенттік өмірің сәтті өтіп, жаңа белестерді бағындырып, армандарыңа жете беруіңе тілектеспіз. Биік мақсаттарың орындалып, ел мақтанышына айнала бер!
