Мектебіміздің оқушысы Ғалымжан Марлен Алтынбекұлы Астана қаласындағы Cardiff University Kazakhstan университетінен ресми шақырту алды! Бұл оның табандылығы мен білімге деген құштарлығының жарқын нәтижесі. Cardiff University Kazakhstan Ұлыбританияның беделді Cardiff University университетінің Астанадағы кампусы болып табылады.
Жас түлекке алдағы оқу жолында толағай табыс, биік белестер мен жарқын болашақ тілейміз! Жаңа белестерді бағындырып, еліміздің мақтанышына айнала бер!