«Кітап талқы алаңының» кезекті отырысында көрнекті жазушы, драматург Төлен Әбдіктің терең философиялық туындысы – «Парасат майданы» повесі талқыланды.
Отырыс барысында қатысушылар шығармадағы адам жанының күрделі иірімдері, ізгілік пен зұлымдықтың, ар мен нәпсінің, ақиқат пен жалғанның мәңгілік тартысы туралы өз ойларымен бөлісіп, шығармадан алған әсерлерін ортаға салды.