Шәкіртіміз Тулегенов Алихан Медетұлы "Nazarbayev University Foundation" бағдарламасының ресми шақырту иегері атанды!
Алиханның бұл жетістігі ұзақ жылғы еңбектің, үздіксіз ізденістің және өз мақсатына деген нық сенімнің жемісі. Білім жолында талмай еңбектенген шәкіртіміздің бұл нәтижесі ұстаздары мен ата-анасының ортақ қуанышы әрі мақтанышы.
Алиханды осынау айтулы жетістігімен құттықтаймыз! Болашақта да талай асуларды бағындырып, армандары мен мақсаттарының орындала беруіне тілектеспіз!