08.05.2026 ж. күні «Болаттай мінез – берік ұстаным» атты эстетикалық пәндер апталығы аясында патриоттық әндер байқауы өткізілді. Байқаудың негізгі мақсаты – білім алушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық рухты қалыптастыру және өнерге деген қызығушылығын дамыту.
Апталық аясында ұйымдастырылған іс-шаралар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдап, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды. Шара соңында эстетикалық пәндер апталығына белсене қатысқан оқушылар мен үздіктер марапатталып, апталық өз деңгейінде қорытындыланды.