05.05.2026 ж. күні «Болаттай мінез – берік ұстаным» атты эстетикалық пәндер апталығы аясында бірқатар мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылды.
Күн барысында оқушыларға арналған «Көңілді үзіліс» өткізіліп, түрлі сергіту ойындары ұйымдастырылды. Бұл шара оқушылардың көңіл-күйін көтеріп, белсенділігін арттыруға ықпал етті.
Сонымен қатар, «Батырлық бастауы – әкеден» атты «Толағай» отбасылар сайысы өткізілді. Аталған сайысқа оқушылар өз әкелерімен бірге қатысып, түрлі спорттық және логикалық кезеңдер бойынша бақ сынасты. Сайыс барысында қатысушылар ептілік, күш, жылдамдық пен ұйымшылдықтарын көрсетіп, отбасы құндылықтарын дәріптеуге ерекше үлес қосты. Іс-шара әке мен бала арасындағы байланысты нығайтып, ұлттық тәрбиені насихаттауға бағытталды.
Сондай-ақ, «Art Creative» шеберлік сағаты ұйымдастырылып, оқушылар шығармашылық жұмыстармен айналысты. Шеберлік сағаты барысында қатысушылар өз қиялдарын қағаз бетіне түсіріп, түрлі суреттер салып, эстетикалық талғамдарын дамытты.