Ұлттық кітап күніне орай мектеп ұжымы мен ата-аналары арасында «Кітап оқу бәйгесі» жарысы ұйымдастырылды. Бәйгенің басты мақсаты – кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, отбасы мен мектеп арасындағы рухани байланысты нығайту және оқырман мәдениетін қалыптастыру.
Байқау барысында қатысушылар Торғын Жолдасбекқызының «Сөз», Қабдеш Жұмаділовтың «Тіленші» шығармаларын оқып, мазмұны бойынша тест тапсырмаларын орындап, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Нәтижесінде белсенділігімен және оқуға деген ерекше ынтасымен дараланған жүлдегерлер анықталды.
Байқау қорытындысы бойынша Шонбаева Кундуз Мендигалиевна– І орын, Мажитова Нургул Кабировна және Ахметова Жазира Нурбулатовна – ІІ орын, Маденова Жанна Бекмуратовна, Адиева Гулжаз Булатовна – ІІІ орын иеленді.
Сондай-ақ Кабиева Жанар Ербулатовна «Кітап оқу көшбасшысы», Уразгалиева Гульмира Аскаровна «Оқуға құштар оқырман», Беккалиева Жанаргуль Шукургалиевна «Кітаппен достасқан ата-ана», Жұбанышева Айнұр Серікқалиқызы «Үздік оқырман ата-ана», Сулейманова Асель Бейбытовна «Кітап оқу майталманы», Тулешова Аэлита Климовна «Кітап оқу шебері», Мендигалиева Мендигул Бактыгалиевна «Рухани бай оқырман», Кабдекенова Айнур Ермековна «Үздік талпыныс», Айғалиқызы Айымкөзгүл «Ең белсенді оқырман» аталымдарымен марапатталды.
Барша жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!