«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 9–10 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған «Кітап оқу бәйгесі» жарысының қорытынды кезеңі өткізілді. Аталған жарыс оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға және оқырмандық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Бәйгеге қатысушыларға Шыңғыс Айтматовтың «Ақ кеме» шығармасы ұсынылды.
Жарыс үш кезеңнен тұрды. Алғашқы кезең Google Form платформасында онлайн форматта ұйымдастырылып, екінші және шешуші кезең Kahoot платформасы арқылы тест тапсырмаларын орындау негізінде өткізілді.
Байқауға 30 оқушы қатысып, кезеңдік іріктеу нәтижесінде олардың 70 пайызы екінші кезеңге, 50 пайызы қорытынды кезеңге өтті. Қорытынды нәтижесінде үздік көрсеткішке қол жеткізген оқушылар марапатталды.
Үш кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаздар:
• Жапакова Сабина (9А сынып) – I дәрежелі диплом
• Жанболат Баязит (9А сынып) – II дәрежелі диплом
• Асхар Айзере (9А сынып) – II дәрежелі диплом
• Рафхат Ералы (9А сынып) – III дәрежелі диплом
• Хамза Айару (9А сынып) – III дәрежелі диплом
• Асылханұлы Алихан (9А сынып) – III дәрежелі диплом
• Сайын Інжу (9Б сынып) – «Кітаппен достасқан оқушы» аталымы
Іс-шара соңында оқу бәйгесіне қатысқан барлық оқушыларға алғыс білдіріліп, кітап оқуды насихаттауға бағытталған мұндай шаралардың алдағы уақытта да жалғасатыны айтылды.