8 сәуір күні оқу күні ерекше әрі мазмұнды басталды. Таңертең 10-сынып оқушыларының әсерлі өнер көрсетуімен ашылды. Олар гитараның сүйемелдеуімен орыс тілінде ән айтып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Үлкен үзілісте 7-сынып оқушыларына арналған «Сөз құпиялары» атты интерактивті экспресс-викторина өткізілді. Оқушылар бұл шараға үлкен қызығушылықпен қатысып, белсенділік танытып, сұрақтарға ұйымшылдықпен жауап берді.
Сағат 15:00-де «Тіл қозғалыста: сөзден мағынаға» атты лингвистикалық квест ұйымдастырылды. Квестке әр 7-сыныптан үш команда қатысып, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті. Қызықты тапсырмалар мен сұрақтарға жауап беру барысында оқушылар жоғары деңгейде дайындықтарын байқатты.
Нәтижесінде 7 «Б» сыныбының командасы жеңімпаз атанды. Жалпы, 7-сынып оқушылары зеректік пен тапқырлық танытып, өздерінің білім деңгейін дәлелдей білді.
Өткізілген іс-шаралар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, тілдік дағдыларын дамытуға үлкен ықпал етті.