2026 жылғы 03–07 сәуір аралығында Тараз қаласында Қазақстан тарихы пәнінен 9–11(12) сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада өтті.
Мектебімізден облысымыздың намысын қорғап қатысқан оқушыларымыз 11В сынып оқушысы Серік Тоқтар мен 11С сынып оқушысы Асхат Алуа жүлделі II орындарды иеленді. Жетекшілері: Жексен Азат Бисембаевич, Аманбаев Аскар Саинович.
Оқушыларымызды және олардың жетекшілерін осындай жоғары жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – табандылықтың, жүйелі дайындықтың және ұстаз бен шәкірттің бірлескен еңбегінің жемісі. Республикалық деңгейде мектеп абыройын асқақтатып, облыс намысын қорғап, үздік нәтиже көрсету – үлкен мақтаныш.
Жас тарихшыларымызға алдағы білім жолында жаңа жетістіктер, биік белестер мен толағай табыстар тілейміз! Ұстаздарына шығармашылық табыс, шәкірт тәрбиелеу жолында толағай жетістіктер тілейміз. Мектебіміздің мерейін өсіретін осындай жеңістер көп болсын! 🏆👏