«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп ұжымы мен ата-аналарына арналған «Кітап оқу бәйгесі» жарысы жалғасын табады.
Уақыты: 13–21 сәуір.
Жоба шарттары төмендегідей:
– 350 теңге төлеп, 7–13 сәуір аралығында шығарманы сатып алу;
– 30–40 беттік шығарманы толық оқу;
– сол шығарма бойынша құрастырылған 10 сұрақтан тұратын тестті орындау.
I кезең (13 сәуір)
Оқуға берілген бірінші шығарма бойынша Google Form желісінде тест тапсыру арқылы өткізіледі. Сұрақтар тек ұсынылған бір шығарма бойынша болады. Тесттен жоғары балл жинаған және уақыт көрсеткіші бойынша алда болған қатысушылардың 70%-ы жобаның келесі кезеңіне өтеді.
Сол күні жобаның келесі кезеңіне өткен оқырмандар үшін арнайы әдеби шығарма ұсынылады.
II кезең (17 сәуір)
Тест I кезеңдегідей форматта өтеді. Жоғары нәтиже көрсеткен оқырмандардың 50%-ы қорытынды кезеңге жолдама алады. Дайындыққа 2 күн уақыт беріледі.
Қорытынды кезең (20 сәуір)
Қорытынды тест өткізіледі. Сұрақтар I, II кезеңдерде оқылған шығармалар бойынша алынады.
21 сәуір күні үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар I, II, III орындармен және «Кітапқұмар оқырман», «Оқуға құштар оқырман» сынды аталымдармен марапатталады.
Жобаға қатысу үшін төлем реквизиттері:
Kaspi Gold: +7 705 545 10 92
Аты-жөні: Шаттық Қ.
(Төлем жасаған соң түбіртекті осы WhatsApp нөмірге — 8 705 545 10 92 — жіберіп қойыңыз. Сізге 1–2 сағат ішінде кітап жіберіледі.)
Тіркелуге асығыңыз! Кітап оқып, трендте болыңыз!
