2026 жылғы 6 сәуір күні «Ақпараттық технологиялар лицей-мектебі» мемлекеттік емес білім беру мекемесімен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Аталған меморандумның негізгі мақсаты – білім алушылардың қазіргі заман талаптарына сай ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект бағытындағы білімін жетілдіру, сондай-ақ олардың цифрлық құзыреттілігін арттыру болып табылады.
Ынтымақтастық аясында тараптар білім беру процесіне заманауи цифрлық технологияларды енгізу, тәжірибе алмасу, бірлескен іс-шаралар, семинарлар мен практикалық жұмыстар ұйымдастыру бағытында жұмыс жүргізетін болады.
Бұл бастама оқушылардың білім сапасын арттыруға, олардың ІТ саласына деген қызығушылығын дамытуға және болашақ маман ретінде қалыптасуына оң ықпал етеді.