Мектебімізде ағылшын және орыс тілі апталығының ашылуы ерекше әсер қалдырды. Мерекелік шара барысында оқушылар қызықты қойылымдар көрсетіп, ән айтып, би билеп, қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Шараның атмосферасы өте жылы әрі шабытты болды.
Сонымен қатар апталықтың жоспары таныстырылып, алдағы күндерде өтетін іс-шаралар туралы ақпарат берілді. Алда бізді мазмұнды да қызықты кездесулер мен шығармашылыққа толы күндер күтіп тұр.