12.03.2026 ж. күні 10–11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында Maqsut Narikbayev University (MNU) университетінің өкілімен кездесу өткізілді.
Іс-шара барысында университет мамандары оқушыларды оқу орнының білім беру бағдарламаларымен, факультеттерімен, қабылдау талаптарымен және студенттерге ұсынылатын мүмкіндіктермен таныстырды. Сонымен қатар гранттар, академиялық ұтқырлық бағдарламалары, студенттік өмір және болашақ мамандық таңдаудағы маңызды бағыттар туралы ақпарат берілді.
Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, университет өкілінен толық жауап алды. Аталған іс-шара жоғары сынып оқушыларының болашақ мамандық таңдауға деген қызығушылығын арттыруға және жоғары оқу орындары туралы ақпараттық білімін кеңейтуге бағытталды.