9–10 сынып оқушыларына арналған «Кітап оқу бәйгесі» ұйымдастырылатынын хабарлаймыз.
Өтетін уақыты: 17–27 наурыз.
Жоба шарттары төмендегідей:
I кезең
17 наурыз күні оқуға берілген бірінші шығарма бойынша Google Form арқылы тест өткізіледі. Жоғары балл жинаған және уақыт бойынша алдыңғы орында тұрған оқушылардың 70%-ы келесі кезеңге өтеді. Сол күні екінші кезеңге өткен оқырмандарға жаңа шығарма ұсынылады.
II кезең
21 наурыз күні екінші кезең де дәл бірінші кезеңдегідей тест түрінде өтеді.
Жоғары балл жинаған оқырмандардың 50%-ы қорытынды кезеңге жолдама алады.
III кезең
26 наурыз күні қорытынды тест өткізіледі. Сұрақтар I және II кезеңде оқылған шығармалар бойынша қойылады. Сол күні 1, 2, 3-орын алған кітапқұмар оқырмандар марапатталады.
Сонымен қатар үздік нәтиже көрсеткен қатысушыларға «Кітапқұмар оқырман», «Оқуға құштар оқырман» аталымдары және жұбаныш сыйлықтары табысталады.
Жобаға қатысу үшін:
150 теңге төлеп, 30–40 беттен тұратын шығарманы 17 наурызға дейін алып үлгеріңіз.
📚 Тіркелуге асығыңыз!
Кітап оқып, трендте болыңыз!